Бас санитардың қаулысы: Кальянды пайдалануға тыйым салынады

26 Желтоқсан 2020, 18:13
1839
Бөлісу:
Бас санитардың қаулысы: Кальянды пайдалануға тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынды. 

Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысында айтылған.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз етсін, - делінген қаулы мәтінінде.

Сонымен қатар спорттық жаттығуларды өткізу кезіндегіні қоспағанда, келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін маска кию міндетті деп жазылған. 

Жаттығу залында алдын ала жазу арқылы бір адамға 5 ш. м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі. Тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тренажерлерді, мүкәммалды және беткейлерді өңдеу және дезинфекциялау әр сағат сайын жүргізіледі, - делінген қаулыда.

Киім ауыстыратын орындардағы келушілерге арналған жеке шкафтарды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы санының 50%-нан асырмай пайдалануды, персоналдың келушілерді бөлуін үйлестіруді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы