Қарағанды облысының Бас санитары қызметінен кетті

3 Қазан 2020, 00:00
1796
Бөлісу:
Қарағанды облысының Бас санитары қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Асқаров Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол жұмыстан өз еркімен кеткен. 

Қанат Қырғызбайұлы Асқаров денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмыстан шығарылды, - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Қ.Асқаров бұл қызметке 2019 жылдың қараша айында тағайындалған еді. Оған дейін Саран қаласының орталық ауруханасының директоры болған. Ведомствода бос лауазымға кімнің тағайындалатыны хабарланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы