Бас санитар дәрігер: Елордадағы эпидахуал тұрақсыз

24 Желтоқсан 2022, 13:35
1085
Бөлісу:
Бас санитар дәрігер: Елордадағы эпидахуал тұрақсыз

Бұл туралы Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, елордада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. 

24 қазаннан бастап елордада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, тәулігіне 38-ден 79-ға дейін КВИ жағдайы тіркелді. Желтоқсан айындағы жағдай бойынша қарашаның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,6 есеге өсті. Сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне қарамастан, Астана қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 10 тамыздан бастап «жасыл аймақта» қала бермек, - деп атап өтті бас санитар дәрігер. 

Белгілі болғандай, соңғы аптада сырқаттанушылықтың алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,1 есе, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 38,7-ден 43,3-ке дейін ұлғаюы тіркелген. 

Осы кезеңде 540 КВИ+ жағдайы тіркелді, өткен аптада 487 КВИ+ жағдайы тіркелді және орташа тәуліктік тіркеу 77 жағдай деңгейінде. Өткен тәулікте КВИ-нің алғашқы зертханалық расталған 78 жағдайы тіркелді. Бұрынғыдай, COVID-19 індеті барлық жастағы адамдар тобына, әсіресе ересек тұрғындарға әсер етеді, - деді Сархат Бейсенова.

Өзгелердің жаңалығы