Бас прокурордың орынбасары: Назарбаеваның қайда екенін білмеймін

27 Қыркүйек 2023, 15:54
968
Бөлісу:
Бас прокурордың орынбасары: Назарбаеваның қайда екенін білмеймін
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official/

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Әлия Назарбаева мен "ӨКМ операторы" ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен өз басым өтінішті көрмедім. Егер қандай да бір қылмыстың құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмысты қудалау туралы шешіммен оны жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айналысады. Бізде ондай бірнеше орган бар. Мәселен Антикор бар, экономикалық тергеу қызметі, ІІМ бар. Егер ақпарат пен қандай да бір дәлел болса, сол органдар шешім қабылдайды. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ, - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

«Әлия Назарбаева қазір қайда жүр?» деген сұрақты да қысқа қайырды.

Мен білмеймін, - деді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіштің қайда жүргеніне қатысты айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы