Бас прокуратурада қылмыстық процестегі жүйелі бұзушылықтар талқыланды

25 Сәуір 2023, 17:20
646
Бөлісу:
Бас прокуратурада қылмыстық процестегі жүйелі бұзушылықтар талқыланды
PHOTO
Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ.Тәшімбаевтың төрағалығымен қылмыстық процессте азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақталуы бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кеңеске барлық құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары және бейнеконференцбайланыс арқылы тиісті жергілікті құрылым басшылары қатысты.

Өткен жылы соттармен шығарылған жеке қаулылардың саны 28,8% - ға төмендегені атап өтілді.

Бас прокуратурада қылмыстық процестегі жүйелі бұзушылықтар талқыланды

Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бері азаматтардың қадағалау органына жолдаған өтініштерінің 13% - ға өсуі көрсетілді.

Кеңесте қылмыстық қудалау органдарына жеткізу, тінту, елімізден тыс жерге шығуға шектеулер және бұқаралық ақпарат көздерінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәліметтерді көрсетулер кезіндегі жиі жіберлетін бұзушылықтар егжей-тегжейлі талқыланды.

Бас прокуратурада қылмыстық процестегі жүйелі бұзушылықтар талқыланды

Шара соңында бірқатар шешімдер қабылданды, оның ішінде қылмыстық процесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама алу мәселесі қаралды.

Өзгелердің жаңалығы