Бас прокуратурада Президент Жолдауының бастамалары талқыланды

18 Наурыз 2022, 20:27
1409
Бөлісу:
Бас прокуратурада Президент Жолдауының бастамалары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жедел кеңес өтті, онда «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Мемлекет басшысының Жолдауын орындау бойынша бірінші кезектегі шаралар талқыланды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жариялады, бірқатар бастамалар прокуратурамен тікелей байланысты. «Прокуратура туралы» Заңға конституциялық заң мәртебесі беріледі, Бас Прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығын беру ұсынылды.

 «Біздің алдымызға көптеген міндеттер қойылды, алда көп күш жұмсалатын және жауапты жұмыс тұр. Біздер азаматтардың, әсіресе қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған адамдардың, бизнестің, кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын, мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау саласына күш-жігерімізді жұмсауды жалғастырамыз. Сондықтан әрбір қызметкерден жоғары кәсіби шеберлік, тынымсыз еңбек және үлкен жауапкершілік талап етіледі», - деді Берік Асылов әріптестеріне арнаған сөзінде.

Ол қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеп-тексеруге және барлық кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту қажеттігіне жеке тоқталды.

Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мәселелері де талқыланды.

Бас Прокурор тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістері туралы қылмыстарды тергеп-тексерудің жүйелі тәсілдері енгізілгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Бас прокуратураны осы мәселеде үйлестіруші ретінде белгіледі, енді осы санаттағы қылмыстық істерді тек прокурорлар ғана тергеп-тексеретін болады. Заңнамалық түзетулерді шұғыл дайындауды, ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелерді шешуді тапсырамын», - деді ол.

Президенттің отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту туралы бастамалары аясында Бас Прокурор әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты қарастыруға назар аударды және  қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды.

Қорытындылай келе, Бас Прокурор алдағы үш жаңа аймақтың құрылуына байланысты ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы