Бас прокуратура тәртіпсіздіктер туралы жасырын хабарлайтын сайтты іске қосты

16 Ақпан 2022, 10:46
1143
Бөлісу:
Бас прокуратура тәртіпсіздіктер туралы жасырын хабарлайтын сайтты іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz  веб-сайтты іске қосты, деп хабарлады 24.kz.

Бұл сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады. 

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде. Сонымен қатар, азаматтарға Call-center-115 нөміріне ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтамыз.

Өзгелердің жаңалығы