Бас прокуратура Шәріпбаевқа қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты

5 Сәуір 2024, 20:29
361
Бөлісу:
Бас прокуратура Шәріпбаевқа қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Бас прокуратура Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

05.04.2024 ж. Kaztag.kz сайтында «Бас прокуратура Дариға Назарбаеваның күйеуімен байланысты БО бойынша қылмыстық істі тоқтатты» деген мақала жарияланды.

Қ. Шәріпбаевқа қатысты тергеу жүргізуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақала шындыққа жанаспайды.

Шынында да 03.04.2024 ж. Бас прокуратура «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты «Бәйтерек SA» ЖШС мүддесінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты.

Алайда, бұл қылмыстық іс «ҚазТрансГаз Өнімдері» АҚ және ЖШС (АҚ еншілес ұйымы) қолданыстағы басшылығына қатысты тергелді.

Осы сотқа дейінгі тергеу аясында АҚ бұрынғы басшысы К. Шәріпбаевтың қатысуы тексерілмеген, өйткені тексеру кезеңі 2022 жылдан 2023 жылға дейін, яғни «Болашақ» БО ғимаратын мемлекеттік меншікке бергеннен кейін болған.

Өзгелердің жаңалығы