Бас мүфти: ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек

13 Шілде 2022, 18:51
1998
Бөлісу:
Бас мүфти: ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді.

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы Құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге жыл соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын, – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өзгелердің жаңалығы