Бас ботаникалық бақта реликті өсімдіктерді және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды

20 Наурыз 2022, 21:38
1745
Бөлісу:
Бас ботаникалық бақта реликті өсімдіктерді және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Бас ботаникалық бағында реликті өсімдіктердің  және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды. Бұл туралы Алматы қаласында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдерімен өткен кездесу барысында Бас ботаникалық бақтың директоры Гүлнара Ситпаева мәлімдеді. 

Бұл колекциялар  Қазақстан флорасының реликті және әлемдік флораның сәндік бұтақты бірегей түрлерімен қонақтарды таныстыруға бағытталған ғылыми жоба болмақ. Сондай-ақ экспозиционды жер бөлімдері ретінде де қызмет атқарады. 

Бас ботаникалық бақта реликті өсімдіктерді және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды

Жиында Орман шаруашылығы басқармасының жетекшісі Мәди Нұрпейісов еліміздегі Бас ботаникалық бақтың жұмыс жоспарымен танысып, қызметкерлерді Халықаралық орман күнімен құттықтады. 

Бас ботаникалық бақта реликті өсімдіктерді және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды

Кездесуде Қазақстанның өсімдік ресурстарын зерттеу,  сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми жобаларды іске асыру, Бас ботаникалық бақтың 2022 жылға арналған  жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар өсімдіктердің коллекциялық қоры таныстырылды. 

Бас ботаникалық бақта реликті өсімдіктерді және сәндік бұтақтыларды отырғызу жұмыстары басталды

Айта кетейік кездесу соңында Халықаралық Орман күніне және Наурыз мерекесіне орай Бас ботаникалық бақтың қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндерге  «Дәнді дақылдардан сурет салу» шеберлік сабағын өткізді.   

Өзгелердің жаңалығы