Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерін Бразилияда тонап кетті

23 Шілде 2019, 12:51
1743
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерін Бразилияда тонап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Футзалдан алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Пауло Рикардо Кака демалыс уақытын Бразилиядағы жағажайда өткізіп жатқан, деп жазды Vesti.kz.

Оқиға Масейко қаласы маңындағы жағажайда болған. Жұбайымен бірге демалуға келген Кака көлікте бағалы заттары мен құжаттарын қалдырып кеткен. Ұрылар көліктің терезесін сындырып кірген. Бапкердің әйелі Светлана әлеуметтік желіде ұрланған құжаттарды келесі күні қайтарып бергенін жазған.

Каканың өзі Бразилияның Аракажу қаласынан және демалыс уақытының көп бөлігін сонда өткізеді. Бір аптадан соң «Қайрат» АФК-сы бразилиялық маманның басқаруымен 2019/2020 маусымның алғашқы жиынын бастайды. 

Еске салсақ, өткен маусымда «Қайрат» Қазақстан чемпионатын ұтып, УЕФА чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен.

Өзгелердің жаңалығы