«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасына есе жіберді

5 Қараша 2023, 07:23
3915
Бөлісу:
«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасына есе жіберді
Фото: Архив BAQ.KZ

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы минуттан белсенді қимылымен көзге түсті.

«Ак Барс» қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Нәтижесінде небәрі 1-минутта «Барыс» хоккейшісі Понтус Оберг есеп ашып кетті.

Оның командалас әріптестері Джозеф Лабейт 6-минутта есепті үстемелей түссе, Давид Скленичка 14-минутта мергендік танытты.

Бірінші кезеңнің соңына таман ресейлік клуб есеп айырмасын қысқартты. Бұл голды 16-минутта Дмитрий Яшкин өзінің еншісіне жазды.

Одан кейін Дмитрий Юдин — 25, 42, Дмитрий Яшкин — 40, Дмитрий Кателевский — 54-минутта төрт шайба соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 7 қарашада елордада «Ак Барс» командасына қарсы тағы бір ойын өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы