«Барыс» құрамынан 13 хоккейші кетіп қалды

7 Маусым 2022, 04:30
1330
Бөлісу:
«Барыс» құрамынан 13 хоккейші кетіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған мәліметтер КХЛ-дың ресми сайтында жарияланған.

Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» құрамында қазір 12 ойыншы қалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы ойыншылардың ауысу кестесінде көрсетілген.

Ол дерек бойынша қазір команда құрамында 12 хоккейшінің қалғаны анықталды.

Елордалық клуб сапында қалған хоккейшілер қатарында Никита Бояркин, Андрей Шутов, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Егор Шалапов, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аркадий Шестаков бар.

Ал түрлі себептермен 13 хоккейші команда құрамынан кетті.

Бұл тізімге Йони Ортио, Олле Альсинг, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Роман Савченко, Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк, Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко, Томаш Юрчо енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы