«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының екінші кездесуінде де жеңіліп қалды

5 Қыркүйек 2021, 21:14
4047
Бөлісу:
«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының екінші кездесуінде де жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» бүгін құрлықтық хоккей лигасындағы екінші ойынында елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасынан ұтылып қалды.

Елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы екі кездесуде есе жіберіп қойды. Бүгін Алдымен есепті «Барыс» командасы ашты. Елордалық хоккейші Якоб Лилья 41-минутта мергендік танытты. Одан кейін «Барыс» өзінің қақпасына екі шайба жіберіп алды. Ойынның 45-минутында ресейлік Максим Карпов таразы басын теңестірсе, оның әріптесі Андрей Чибисов 58-минутта жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Енді қазақстандық команда 8 қыркүйекте елордада Ресейдің «Амур» клубын қабылдайды. 

 

Еске салсақ, алғашқы ойынында 3 қыркүйекте «Барыс» елордада Ресейдің «Салават Юлаев» клубына 1:5 есебімен есе жіберді. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі 1 қыркүйекте басталды. Ол 2022 жылдың 1 наурызында мәресіне жетеді. Одан кейін турнирдің плей-офф сатысы басталады.
 


 


 

Өзгелердің жаңалығы