Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында 24 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласында СКА командасымен кездесті.
Есепті айдын иелері ашты. Ойынның 9-минутында ресейлік Иван Морозов мергендік танытса, одан кейін 15-минутта Евгений Кетов есепті үстемелей түсті.
«Барыс» одан кейін қатарынан екі шайба соғып, таразы басын теңестірді. Алдымен 16-минутта Виктор Сведберг есеп айырмасын қысқартса, 19-минутта Якоб Лилья голдың авторы атанды.
Екінші кезеңде 35-минутта СКА хоккейшісі Кирилл Марченко командасын тағы да алға шығарды. Ал 42-минутта елордалық Линус Виддель есепті теңестірді. Ойынның 45-минутында Владимир Ткачёв қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қатарынан бесінші мәрте жеңілді.
Енді «Барыс» 29 қарашада елордада Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасын қабылдайды.
Оқи отырыңыз: