«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

16 Қаңтар 2023, 10:32
585
Бөлісу:
«Барыс» бүгін елордада «Сибирь» командасымен кездеседі

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған ойын бүгін, 16 қаңтар елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Екі команда бұған дейін 47 мәрте кездесті. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде елу екі ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.

Ал, елу бір ойыннан кейін 64 ұпай жинаған «Сибирь» 7-орынға жайғасқан.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан үш ойында жеңіліп қалды.

 

Өзгелердің жаңалығы