Қазақстанның соңғы жаңалықтары

“Барлық қабырғасы сынған”: Медеуде велосипедші автокөлікпен соқтығысты

Нұрқанат Атажан
6 Тамыз 2025, 17:09
959
Бөлісу:
 әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін, 6 тамызда таңертең Медеуде велосипедші автокөлікпен соқтығысқан кезде ауыр жарақат алды. Спортшы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 08:20 шамасында Медеу ауданында тіркелген.

Toyota Camry жүргізушісі солға бұрылғанда велосипедшіні қағып кеткен, — деді полиция.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Велосипедшілер мен триатлеттер қауымдастығының мәліметінше, зардап шеккен адам – тәжірибелі атлет, триатлет.

Соққы соншалықты қатты болған, тіпті зардап шеккен адамның барлық қабырғасы сынған, сондай-ақ ішкі органдары өкпе, бауыр, көкбауыр мен қуығы зақымданған. Оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, – деп хабарлады қауымдастық мүшелері.

Ал Денсаулық сақтау басқармасы пациент ауыр кешенді жарақатпен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскенін хабарлады.

Жедел операция жасалды. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр" – деді дәрігерлер.

 

Өзгелердің жаңалығы