Барлық діннің күшін біріктіруіміз қажет - БҰҰ өкілі

14 Қыркүйек 2022, 15:34
1160
Бөлісу:
Барлық діннің күшін біріктіруіміз қажет - БҰҰ өкілі

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Морратинос мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, съезді Қазақстанда өткізу кездейсоқтық емес. 

Қазақстан – 100-ден астам ұлт пен көптеген діни қауымдастықтың ортақ үйі. Тарихтарыңыз сондай. Бізге барлық діннің күшін біріктіру қажет және біз діни алуан түрлілік – әлсіздік емес, күш екендігін түсінгеніміз маңызды, - деп атап өтті БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі. 

Сонымен қатар ол кемсітушілікке жол бермеу қажет деп есептейді. 

Кемсітушілік бізді бұзады, сондай-ақ баршамыздың құқығымызды таптайды.Ол біздің әрқайсысымызға әлеуетімізді толықтай көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сол үшін әр мәдениеттің, әр діннің бірегейлігін түсініп, оны сыйлауымыз қажет, - деді Мигель Анхель Мартинес.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр. Діни форумға арнайы шақырылған делегаттардың қатарында Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы III Теофил, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф бар. 

Өзгелердің жаңалығы