Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Барлық аймақтарда қалалық автобус қызметі, барлық теміржол вокзалдары және барлық жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар автожолдар бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысқа шектеу жоқ, -деп атап өтті министр.
Оның атап өтуінше, еліміздің 20 әуежайының 18-і штаттық режимде жұмыс істейді.
Алматы және Талдықорған әуежайларының қызметі тоқтатылды. Бұл ретте, Алматы қаласының әуежайы қызметін қайта бастауға техникалық дайын, құзыретті арнайы органдардың тиісті шешімі қажет, -деді Қ.Өскенбаев.