Бәріне бірдей автонесиеге ақша бөлу мүмкін емес – Өнеркәсіпті дамыту қоры

7 Ақпан 2023, 12:41
812
Бөлісу:
Бәріне бірдей автонесиеге ақша бөлу мүмкін емес – Өнеркәсіпті дамыту қоры
Фото: rebus-finance.kz

Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біз бәрін ертерек ескерттік. Небәрі барлығы 761 орын болатынын 5 күн бұрын жарияладық. Өйткені барлығы 7,6 млрд теңге жиналды. Сәйкесінше, несиенің максимаолы сомасы 10 млн теңге, бұл 761 орынға арналған. Қазақстандықтарға автонесиелеу үшін бәріне бірдей ақша бөлу мүмкін еместігін ескертілді, - деп атап өтті басқарма төрағасының орынбасары Үкіметтің кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол тетіктің жұмысындағы олқылықтарды түсіндірді. 

Сондықтан 761-ші адамды тіркеген соң тетік белсенді болмай, қате деген белгі бере бастады. Бағдарламада нақтылық та болмады, біз қазір онымен жұмыс істейміз. Бұл әу бастан қанатқақты жоба болғандықтан барлық пікірлер мен ескертулерді ескеруіміз маңызды. Келесі жолы – наурыз айынан бастап ай сайын іске қосқан кезімізде бәрін түзетеміз деп үміттенемін, - деді Ринат Гаппаров.

Еске сала кетейік, елімізде 6 ақпанда жеңілдікпен автонесиелеу бойынша өтінім қабылдауға арналған қанатқақты платформа іске қосылғаны белгілі. 

Сондай-ақ бұған дейін Гаппаров автонесиеге өтінім бергендердің барлығы бірдей көлікке мұқтаж еместігін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы