Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарда өтіп жатқан жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда белгілі ғалым, жылқытанушы Нәбиолда Кикебаев жылқытану саласына қатысты тарихқа тоқталды.
Еліміздегі тастағы суреттерге тоқталған ғалым осыдан 6 мың жыл бұрын ең алғашқы жылқының Қазақ даласында қолға үйретілген дегенді алға тартты.
Мен бүгінгі баяндамамда қазақ жылқысының даму тарихына тоқталғым келеді. Қазақ даласында кездесетін кез келген петроглифтердің барлығы біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрынғы қолтаңбаларға апарады. Берелден табылған алтын тұлпарлар соның айғағы, - дейді ғалым.
Сонымен ұатар ол еліміздегі жойылып кеткен жылқы тұқымдарына тоқталды.
Еліміздің жылқы шаруашылығында қазір негізгі 4-5 тұқым ғана бар. Ал шын мәнінде бүгінде біз ұмыта бастаған қазақ жылқысының керемет тұқымдары болған. «Найман жылқысы», «Жидебай тұқымы» т.б. жойылып кеткен тұқымдарды қайта түлететін уақыт келді, - деді ол.