Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры 5-6 айға жетеді - министр

13 Наурыз 2020, 12:47
2354
Бөлісу:
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры 5-6 айға жетеді - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрлігінде халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуге арналған жұмыс тобы құрылған.

Бұл туралы бүгін астанада өткен баспасөз-мәслихатында ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда мұндай жұмыс топтары бүкіл өңірлерде де құрылған.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жедел мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорларында, өндірушілердің қоймаларында, сауда орындарының қоймаларында және тағы басқа сақтау орындарында 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Бұл көлем қалыпты тұтыну кезінде азық-түліктің түрлері бойынша 5-6 айға дейін жеткілікті. Бұл тек дәл қазіргі қолда бар дайын өнім қорының есебі. Алайда, одан басқа жарма, ұн, консервілер, қант сияқты өнімдер өндіретін шикізаттың қорлары да бар, сондай-ақ ет-сүт өнімдерін алатын мал саны да жеткілікті, – дейді министр.

Сонымен қатар, министр азық-түлік өнімдерінің күнделікті тұтынылуымен қатар өндірісі де жалғасып келе жатқанын айтты.

Демек, азық-түліктің көрсетілген уақытқа жеткілікті қоры үнемі болып тұрады. Бұл жерде айтып өтетін жағдай, шамамен барлық азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі халықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, ал кейбір өнімдер бойынша асып түседі, – деді министр.

Министрдің мәліметіне сәйкес, ұнның өндірісі 3 млн тоннадан асады, ал тұтыну көлемі шамамен 1,5 млн тоннаны, яғни тұтынуға шаққанда 204% құрайды.

Сол секілді, күріш өндірісі – 144 мың тонна, тұтыну көлемі – 76 мың тонна, тұтынудан 190% артық; Макарондар өндірісі – 165 мың тонна, тұтыну көлемі – 153 мың тонна, яғни 108%; Жұмыртқа өндірісі – 5,5 млрд дана, тұтыну – 5,2 млрд дана; Картоптың өндірісі – 3,9 млн тонна және ол тұтыну көлемінен 107 пайызды құрайды. Осыған қарағанда, қалыпты тұтыну мен өндіру сақталып тұрғанда әлеуметтік мағызы бар азық-түліктердің тапшылығы болуына негіз жоқ, – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы