Бақытты отбасын қалай құруға болады?

28 Шілде 2022, 11:42
2649
Бөлісу:
Бақытты отбасын қалай құруға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Замандас» отбасылық аула клубының  төрайымы  Ләззат Алшинова «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасы туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Қазақстандық отбасылар бақытты өмір сүріп, бала тәрбиесінде сауатты болуы үшін әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға кірістік. Жоба 12-ші жыл жүзеге асырылып жатыр. Біздің елде тұратын әрбір азамат үшін маңызды мәселе-отбасы. Біз балалар мен отбасылармен жұмыс істейміз. Себебі бала біздің болашағымыз ғана емес, бүгініміз де. Ол әрбір адамға қатысты тақырып, - деді Алшинова. 

Ол атағандай, бұл жоба бойынша жұмыс істеп жатқан команда мүшелері бақыт аймағын салып жатыр. 

Бақытты отбасын қалай құруға болады?

Біз отбасыларға бақытты өмір сүруді қалыптастыруға жәрдемдесеміз. Әсіресе, бала тәрбиелеу мен бақытты отбасы құруда жас отбасыларға білім мен тәжірибе, құралдар жетпей жататынын көреміз. «Бақытты отбасы» клубына отбасылар айына екі рет келеді. Олар психологтармен әңгімелесіп, өз мәселелерін алға тартады. Олардың қалауы бойынша жоспар құрылып, жұмыс істеледі, - деді ол. 

Алшинова атағандай, «Замандас» клубына 3 мың бала мен 1,5 мың отбасы келеді. 

Өзгелердің жаңалығы