Бақыт Жаңабаев Президент кандидатына қойылатын талаптарға сай – ОСК

13 Қазан 2022, 18:12
2603
Бөлісу:
Бақыт Жаңабаев Президент кандидатына қойылатын талаптарға сай – ОСК

Бұл туралы Қазақстан Президенттігіне кандидаттың сәйкестігін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бақыт Жаңабаев «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған болатын.

Бақыт Жаңабаев Президенттікке үміткер ретінде 3 қазанда «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша Бақыт Жаңабаев 1976 жылғы 23 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған. Яғни ол тумысынан Қазақстан азаматы. Сондай-ақ сотталмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жоғары білімі бар.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Бақыт Жаңабаевты Президенттікке үміткер ретінде ұсынған қоғамдық бірлестік пен жұмыс тәжірибесінде де кінәрат жоғын мәлімдеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен ұсһынылған мәліметтерге сай, сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 21 жыл. ҚР Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай, ҚР Президенттігіне кандидатты ұсынған «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі министрлікте тіркелгені туралы құжаты бар, - деді ол.

Осыған байланысты, Президенттікке кандидат Бақыт Маратұлы Жаңабаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталып, қаулы бекітілді.

Бұған дейін Бақыт Жаңабаевтың Президент сайлауына құжатын тапсырғанын жазған едік. Ол құжат тапсыру рәсімімінен кейін Президент болуға деген нақты ұстанымының жоқ екенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы