Бақыт Сұлтанов Мәскеуде не істеп жүргенін айтты

10 Ақпан 2022, 16:51
1377
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов Мәскеуде не істеп жүргенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласындамын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев делегациясының құрамында келдім. Маңызды саяси кездесулер мен консультациялар өтуде. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды. 

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестерімізбен және ресейлік серіктестермен бірлесе отырып, біз Президентіміздің жұмыс сапарымен қатар солтүстік көршімізбен өзара тиімді ынтымақтастықтың экономикалық күн тәртібін толықтыруға тырыстық.Осы күндері Мәскеуде азық-түлік, сусын және оларды өндіруге қажетті шикізат қойылған «Продэкспо-2022» XXIX Халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Аграрлық сектор экономиканың негізгі бағыттарының бірі саналатын Қазақстан да шарадан шет қалмады. Ұлттық стендте 20 қазақстандық өндіруші компанияның өнімдері қойылған. Мәселен кондитерлік, макарон және ұн өнімдері, шырын, балмұздақ пен бал да бар. Сонымен қатар Қазақстанның түрлі өңірінен көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдейтін компаниялар келді, - деді ол. 

Сұлтанов бірнеше күннің ішінде әрқайсысы экспорттық келісім-шарт жасасып үлгерді. Жалпы құны 82 миллион доллардан асады. Көрме жалғасады, сондықтан бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы өсуі мүмкін екенін айтты. 

Қатысушылар тарапынан қазақстандық май өнімдеріне және балмұздаққа үлкен қызығушылық байқалды. Жеміс-жидек және табиғи шырын жеткізушілері жақсы келісім-шартқа қол жеткізді. Сондай-ақ бал, бұрыннан сұранысқа ие ұн, кондитерлік және макарон өнімін өндірушілер де жақсы келісім-шартқа ие болды. Айта кетерлігі, бұл тек ұлттық стендтегі отандық компаниялардың жетістігі. Қазақстанның Мәскеудегі сауда өкілдігінің айтуынша, көрмеге елімізден өз бетімен келген басқа да компаниялар жетерлік. Олар ет, шұжық, жұмыртқа, сүт өнімдері және түрлі дәмдеуіштерді әкелеген, - деді ол. 

Көрме жалғасып жатыр. Бизнес өкілдері өзара пікір алмасу үстінде. 

Біздің өндірушілерге сәттілік және ұзақ мерзімді, тиімді экспорттық келісім-шарт қол жеткізуді тілеймін.Тағы бір айта кетерлігі, жарнама – бизнестің дамуына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан мемлекет экспорттаушыларды түрлі көрмеге қатысуында қолдайды. Негізгі басымдылық орта және кіші кәсіп өкілдеріне беріледі. Себебі үлкен компаниялар өз күшімен шетелге шыға алады. Мемлекеттік қолдау нәтижелі болып, отандық өндірушілер шетелдің нарығынан ойып тұрып орын алады деген үміттемін, - деді Сұлтанов. 

Өзгелердің жаңалығы