Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын реттеу үшін қандай істер атқарылатынын айтты

12 Қаңтар 2022, 09:33
1115
Бөлісу:
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын реттеу үшін қандай істер атқарылатынын айтты

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын тежеу мақсатында қандай істер атқарылып жатқанын айтты.

Үкімет басшысының қаржы блогы жөніндегі тапсырмаларын іскен асыру үшін жедел әрі жүйелі шаралар қабылданатын болады. Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту кезінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылдануда, - деді Сауда және интеграция министрі.

Оның мәлімдеуінше, Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингін қамтамасыз ететін болады.

Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл аясында импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша іс-шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі іс-шаралар уақтылы қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды,- деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы