Бақылау комитеті еліміздегі үш ірі қаладағы ауаның ластану себебін түсіндірді

23 Тамыз 2022, 13:12
4179
Бөлісу:
Бақылау комитеті еліміздегі үш ірі  қаладағы ауаның ластану себебін түсіндірді

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов  республика бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жолдасовтың мәлімдеуінше, экологиялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистердің 9 қаласы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады.

Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Жезқазған қаласы осы жылдың басында жоғары деңгейден орташа деңгейге өтті. Жалпы республика бойынша осы жылдың 1 жартыжылдығында ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 0,9 млн тоннаға жеткен, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға төмен (2021 ж. 1 жарт-1,1 млн тонн), - деді  Зұлфұхар Жолдасов орталық коммуникациялар алаңындағы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сөзінше, республика қалаларында атмосфералық ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болады.

Мәселен, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне (ЖЭО, қазандықтар), автокөлікке және жеке секторға тиесілі. Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздік-тазарту құрылыстарының ластануы, - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы