«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

20 Наурыз 2023, 12:45
740
Бөлісу:
«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады
PHOTO
Фото: Қазақстан баспасөз клубы

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде ел азаматтары құрған «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызы күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасады.

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Қоғамдық қозғалыс 2022 жылғы кезектен тыс президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын қадағалау жұмысын сәтті атқарған болатын.

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Ал биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлау процесін бақылауға араласып, республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамти алды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам бақылаушыны оқытты. 

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Сайлау күні елдегі барлық сайлау учаскесінің 3 мыңын, яғни 30 пайызын қамти алдық деп айта аламыз.

Осыған байланысты 2023 жылдың 20 наурызы күні Алматы қаласында «BAQYLA» ҚҚ бастамашылары арнайы баспасөз жиынын өткізді. 

Саясаттанушы Асхат Қасенғали сайлау күні 300-ден астам заң бұзушылық тіркелгенін айтты.

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Таңғы 06:00-ден басталған сайлау процесі бақылаушыларға орын бермеу, дауыс беру кабинкаларына екі-үш адамнан кіру, дауыс санау барысына қатыстырмау және хаттама бермеуге тырысу сияқты заңсыздықтар болатын. Бақылаушыларға орын бермей, 100-ге жуық бақылаушы сайлауды тұрып бақылауға мәжбүр болды. Заң бұзу фактілері жайлы ақпараттар әлі де жинақталуда. Бір мандатты жүйемен түскендерге қатысты ақпараттар келуде. Елдегі ақпараттық дүмпу жағынан ең тартысты өткен, ал дауыс берушілер жағынан антирекордтың бірі орнаған сайлауда тәуелсіз бақылаушылар өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқарды, - деді ол.

Ал саясаттанушы Мақсат Жақаудың айтуынша, жалпы сайлауға елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты. 2023 жылғы Парламент Мәжілісі мен маслихатына болған сайлау, барлық үміт артқан бастамаларымен, биліктің былтырғы Жолдауда айтылған уәделердің іс жүзінде орындала бастауымен байланысты. Сайлауға дауыс берушілерден гөрі кандидаттар мен бақылаушылар белсенді әрі көп қатысты. 

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылау жасады

Бұл сайлауда көптен бері болмаған жеті саяси партияның қатысуын бақыладық. Бұл сәйкесінше, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Парламентте пікірлер алуандығын жасақтайтын көппартиялық жүйе мен жеке мандатпен келетін депутаттардың көптеп болуына жағдай туғызу қажеттілігі еді. Аталған саяси өзгерістердің бастамасы жүзеге асырылуда, бұған кешегі сайлаулар куә. Жалпы сайлауға көзі төртеу болып елімізде 90-100 мыңға жуық ерікті тәуелсіз бақылаушылар сайлаудың заңның аясында таза әрі әділ өтуіне атсалысты. Бұл демократияның жаңа қарлығаштары, әділдік пен адалдықтың қорғаушылары хәм қолдаушылары деп қабылдауымыз керек. Осылайша сайлаудан-сайлауға қадам басқан сайын саяси мәдениеттілік пен демократиялық ілгерілеу болады. Бұл заңдылық, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы