БАҚ өзекті мәселелерді көтеруі керек – Тоқаев

16 Наурыз 2022, 13:13
2409
Бөлісу:
БАҚ өзекті мәселелерді көтеруі керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде «БАҚ туралы» заңды қайта қарау қажет екенін айтты.

Президенттің сөзінше, отандық БАҚ-тың ел өңірлерінде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. 

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты. Мемлекет ашық ақпарат кеңістігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруі керек, бірақ мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Сырттан тапсырыс бойынша емес, көлеңкелі төлемақы немесе саяси топтар үшін жұмыс істемеуі керек, - деп айтты Мемлекет басшысы Тоқаев.

Президент БАҚ өкілдері өз елі мен оның азаматтары үшін шын жүректен алаңдауы керегін айтты.

Осы орайда тілшілер қауымына арнайы жүгінемін. Одан арғы демократиялық өзгерістер тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпарат құралдарынсыз мүмкін емес деп санаймын. Сол себепті мемлекеттің мүддесі мен қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму тенденцияларын ескере отырып, «БАҚ туралы» заңды қайта қарау қажет, - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы