Банктің жалған қызметкері Алматы облысының 20-дан астам тұрғынын алдап кетті

1 Наурыз 2022, 00:20
600
Бөлісу:
Банктің жалған қызметкері Алматы облысының 20-дан астам тұрғынын алдап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел Алматы облысының 20-дан астам тұрғынын алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарқан ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс материалдарында қала жанында орналасқан елді мекендердің 20-дан астам тұрғыны зардап шеккен. Тұрғындар өз арызында банк несиелерін өтеу үшін күдіктіге берілген ақшаны өз қажеттіліктеріне пайдаланғанына шағымданды.

Белгілі болғандай, өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған әйел ірі несиелерді ресімдеуге көмектесіп, кейіннен оларды өтеу ол арқылы да жүзеге асырылады деген шарт қойған. Тексеру кезінде күдіктінің банкте жұмыс істемейтіні анықталды, ал қаржылық операцияларды өзі онлайн режимде банкке кіргізіп қойған әпкесінің құжаттарын пайдаланып, жүзеге асырған. Клиенттерді іздеу қызметтері үшін банк несие сомасына байланысты ең төменгі пайызбен сыйақы аударып отырған. Клиенттер ай сайын банк қарыздарын адал төлеп, оның бір бөлігін күдікті өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Сондай-ақ, ол адамдарға жалған мөрмен расталған түбіртектер берген, – деп хабарлады Сарқан аудандық полициясы.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын сомасы әзірге сегіз млн теңгеден асады. Тергеп-тексерумен қамтылған кезең өткен жылдың күзінен басталған. Азаматтардың алаяқтық фактілері бойынша өтініштері аудандық полицияға келіп түсуде.

Тергеу ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде, оның барысында күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы