Банктердегі бизнес-процестердің сапасын жақсарту жалғасуда

16 Сәуір 2020, 15:27
1430
Бөлісу:
Банктердегі бизнес-процестердің сапасын жақсарту жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің банк секторы қазіргі дағдарыс жағдайына барынша дайын болды, мұны 2019 жылы жүргізілген банк секторы активтерінің сапасын бағалау әсер етті. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 2008 жылғы дағдарыстан бері жинақталған көптеген проблема анықталып, реттелген. Сонымен бірге банк секторының барынша жоғары өтімділік деңгейі бар.

Банктердегі бизнес-процестердің сапасын жақсарту жөніндегі жүйелік жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта Агенттік AQR нәтижелері бойынша түзету шараларының жоспарларын банктермен келісу жөніндегі жұмысты аяқтауда. Сонымен бірге капиталдандыруға қолдау көрсету жөніндегі талаптары және қаржылық орнықтылықты арттырудың қолданыстағы бағдарламасы шеңберінде қазіргі кредиттік тәуекелдерді қамтамасыз ету тетіктері уақтылы әрі орынды болғанын пандемиямен байланысты жағдай көрсетіп отыр, - деді ол.

Сонымен қатар, ол сұраныстың, кірістердің төмендеуіне, кәсіпорындар қызметінің тоқтатылуына байланысты экономиканың нақты секторында жаңа тәуекелдер туындап, олар қаржы секторына да әсер ететінін айтты.

Коронавирус пандемиясының теріс салдарларын еңсеру, бизнесті кредиттеуге қолдау көрсету және қарыз алушылардың борыш жүктемесімен байланысты тәуекелдерді азайту үшін дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданды. Атап айтсақ, 2020 жылғы 30 наурыз - 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде пруденциялық реттеудің уақытша контрциклдік шаралары енгізілді. ШОБ жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда, ол үшін 600 млрд теңге бөлінді, сонымен қатар ТЖ кезінде зардап шеккен қарыз алушылар төлемдерінің мерзімін кейінге қалдыру көзделді, - дейді Смоляков.

Оның айтуынша, пруденциялық реттеудің уақытша шаралары капиталды және кредиттеу, ең алдымен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу үшін өтімділікті босатуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы