Мәжілісте банкроттық рәсімдерге қатысты заң жобасы таныстырылды

10 Қаңтар 2019, 11:07
11230
Бөлісу:
Мәжілісте банкроттық рәсімдерге қатысты заң жобасы таныстырылды

Астана, baq.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Ресубликасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы таныстырылды. Қазір заң жан-жақты талқылануда. 

Заң жобасымен ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов таныстырды.

«Бүгінгі күні 400-ге жуық кәсіпорын оңалту рәсімін, 4 мыңға жуық бизнес субъектісі банкроттық рәсімін қолдануда. Негізінде қаржылық жағдайы ауыр бизнес субъектілерінің саны айтарлықтай көп. Қолданыстағы заң кәсіпкерге тез арада сәтсіз бизнесін жабуға жол бермейді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда потенциалы барларға оңалту процесіне жүгінуге қиын болып отыр. Әр төртінші жағдайда сот борышкерді банкрот деп танудан бас тартады. Сотқа субъектінің қаржылық жағдайына объективті баға беру қиын. Кішкентай активтердің бар болуын сот қарыздарды өтеуге мүмкіндік бар деп есептейді. Осындай жағдай оңалтуды қолдануда да байқалып отыр. Әр үшінші арыз бойынша «борышкер төлемге қабілеті немесе төлем қабілетсіздігін қалпына келтіру үшін қаржылық қордың бар екенін дәлелдемек» деген сылтаумен сот оңалту рәсімін қолданудан бас тартады. Заң жобасы осы мәселелерді шешуге бағытталған », - деді Қанат Баеділов.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану жағдайларын жеңілдетуге, процедура өткізу мерзімін қысқартуға, әрекет етпейтін борышкерлерді жеңіл түрде таратуға бағытталған.

Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы