Банкрот болған қазақстандықтың қарызы 1,5 млн теңгені құрады

25 Қаңтар 2024, 22:20
710
Бөлісу:
Банкрот болған қазақстандықтың қарызы 1,5 млн теңгені құрады
Фото: Архив BAQ.KZ

Ақпараттық кеңістікте «3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды» тақырыбындағы мәліметке қатысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ресми түсіндірмесін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Өтініш берген кезде азамат «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі Коллекторлық агенттігі» ЖШС-і бойынша 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында «СФК» union trust ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ - 1 473,3 мың теңгені құрайды. Осы мәлімет egov.kz электрондық үкімет порталында орналастырылған.

Барлық кредиторлар «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ-на өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті («Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚРЗ 19-бабының 2-тармағының 2 тармақшасы).

Азаматтар берешектері туралы мәліметтерді өздігімен кредиттік бюроның mkb.kz сайтында қарай алады.

Өзгелердің жаңалығы