Банкрот болған азаматтар сотқа жүгіне алады. Вице-министр жаңа ережелерді түсіндірді

1 Желтоқсан 2022, 13:09
1178
Бөлісу:
Банкрот болған азаматтар сотқа жүгіне алады. Вице-министр жаңа ережелерді түсіндірді

Кредит төлей алмаған азамат сотсыз өзін банкрот деп жариялай ала ма?  Қаржы вице-министрі Еркін Біржанов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тек қана жеке азамат арыз беру арқылы өзін банкрот ретінде тани алады. Адам өзін өзі банкрот деп жариялай алмайды. Азамат ХҚО  немесе Egov электронды портал арқылы арыз береді. Яғни, мен «банкрот жағдайына жеттім» дегендейй. Арыз бергеннен кейін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін бұл азамат банкрот таныла ма, жоқ па сол жөнінде шешім қабылданады. Оны анықтау үшін кем дегенде 6 ай уақыт кетеді. Себебі, оған дейін берешекті қайтара алмауының басқа да себептері қаралып, тексеріледі, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Соттан тыс банкроттық рәсімі, оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады:

банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;

ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36018 теңге.

Бұл жағдайда борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.

Соттан тыс банкроттық тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

Соттан тыс банкроттықты қолдану сәтінен туындайтын салдарға назар аударамыз:

борыштық міндеттемелердің мерзімі өткен болып саналады;

кредиторлардың борышқорден міндеттемелерді орындауын талап етуіне тыйым салу;

тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және сыйақыны есептеуді тоқтату;

берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуы тоқтатылды;

борышкерге несие алу, кепілдіктер беру бойынша мәмілелерді жасауға тыйым салу.

Өзгелердің жаңалығы