«Банк қызметкері» ақтөбелік әйелдің шотынан 780 мың теңгені шешіп алды

9 Желтоқсан 2021, 15:00
960
Бөлісу:
«Банк қызметкері» ақтөбелік әйелдің шотынан 780 мың теңгені шешіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Банк қызметкері» ақтөбелік әйелдің шотынан 780 мың теңге ақшаны жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

34 жастағы әйелдің ұялы телефонына қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалушы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Банктің жалған қызметкері әйел адамның сеніміне кіріп, оның шотынан алдау жолымен 780 мың теңге ақшаны жымқырған.

Алданған әйел полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы