Банк бөлімшесіндегі арнайы операция қойылым ба? Министр жауап берді

19 Маусым 2023, 17:04
792
Бөлісу:
Банк бөлімшесіндегі арнайы операция қойылым ба? Министр жауап берді
Фото: primeminister.kz

Үкімет кулуарында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанада болған Kaspi bank бөлімшесіндегі арнайы операция имидж көтеру үшін жасалған дегендерге жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда кешегі іске байланысты қойылым деген пікір айтылып жүр. Бұл қойылым ба? Полицияның имиджін көтеру үшін жасалған дегендерге не айтасыз?, - деген сұрақ қойды журналист.

Ондай әңгіме жоқ. Өтірік, жалған әңгіме. Иммиджді ондай жұмыстармен емес, басқа жұмыстармен көтеруге болады, - деді Ахметжанов.

Айта кетсек, кеше Kaspi bank бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адамның есікті құлыптап, адамдарды кепілдікке алды. Ол полицейлерге өз талабын айтты. Кейіннен банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды. Бұған дейін Kaspi bank бөлімшедегі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеуді сұрады.

Сонымен қоса, ІІМ кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлім етті. Кейіннен полиция ғимаратқа басып кіріп, қылмыскерді ауыздықтады. Оның ұсталған сәті де жарияланды.

Белгілі болғандай, қылмыскермен келіссөзді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізген екен. 

Өзгелердің жаңалығы