Бангладеште кеме суға батып, 70-ке жуық адам қаза болды

1 Қазан 2022, 18:40
1130
Бөлісу:
Бангладеште кеме суға батып, 70-ке жуық адам қаза болды

Бангладештегі Панчагарх округінде кеме суға батып, салдарынан 69 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Синьхуа» агенттігі таратқан мәлімет бойынша, қайғылы жағдай елдің солтүстігінде орын алған. Жергілікті полиция оқиға орнынан 69 адамның мәйітін тапқан. Тағы үш адам із-түзсіз кеткендер қатарында іздестіріліп жатыр. 

Панчагарх округінің полиция басшысы Сираджул Худа кемеде 100-ге жуық жолаушы болғанын айтты. Каратоя өзенінде суға кеткен кеме апатына көлікте адам санының артық болуы себеп болған. 

Өзгелердің жаңалығы