Бангладеш тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

10 Қараша 2019, 14:22
2317
Бөлісу:
Бангладеш тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Бангладеш тұрғындары "Бульбуль" циклоны салдарынан қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлады Bdnews24.


Екі миллионнан астам адам қауіпсіз аудандарға көшірілді, – деп хабарлады табиғи апаттардың салдарын жою департаментінің директоры Шахадат Хоссейн.
Тұрғындар ауруханаларға, мектептерге және басқа да мемлекеттік мекемелердің ғимаратарына орналастырылыр жатыр. Тұрғындар үшін төрт мыңдай пана жайындалған. 
Біз циклонмен күрес және халықты қорғау дайындық шараларын қабылдадық, - деді Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина.
Бангладеште циклон 9 қараша күні басталды. Желдің жылдамдығы сағатына 120 километр. Метеорологтардың мәліметінше, циклон әрі қарай Үндістанға барады.
Өзгелердің жаңалығы