Бангкоктағы ғимарат апаты: 23 адамға ресми айып тағылды

Құрылыс кезінде инженерлік стандарттардың сақталмауы, кәсіби немқұрайлылық және айналаға қауіп төндіру себебінен кем дегенде 92 адам қаза тапты.

 Ann Wang/Reuters 8 Тамыз 2025 2025, 00:32
8 Тамыз 2025 2025, 00:32
882
Фото: Ann Wang/Reuters

Таиландтың Бас прокуратурасы Бангкокта құлаған жаңа мемлекеттік аудиторлық кеңсе ғимаратының апаты бойынша 23 адам мен компанияға айып тақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Құрылыс кезінде инженерлік стандарттардың сақталмауы, кәсіби немқұрайлылық және айналаға қауіп төндіру себебінен кем дегенде 92 адам қаза тапты.

Айыпталушылар қатарында жобаның жетекші мердігерлері – Italian-Thai Development Co. және оның қытайлық серіктесі China Railway No.10 компаниялары бар. Бас прокуратураның мәлімдемесіне сәйкес, айыптаулар жобалау, қадағалау және құрылыс сапасының бұзылуына қатысты.

Сонымен қатар, айыптауларға жалған құжаттарды жасау және пайдалану да кірген. Қазіргі уақытта кейбір айыпталушылар полицияға тапсырылып, өз кінәларын жоққа шығарды.

Полицияның тергеуі ғимараттың құлауына құрылыс және жобалау нормаларының бұзылуы себеп болғанын анықтады.

Айта кетейік, Таиландта 28 наурызда болған 7,7 баллдық жер сілкінісінде жартылай салынған мемлекеттік аудиторлық кеңсе ғимараты толық құлаған жалғыз нысан болды.

Наверх