Балуан Ержет Жарылқасын – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ержет Жарылқасын күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 olympic.kz 30 Қазан 2024 2024, 07:20
30 Қазан 2024 2024, 07:20
825
Фото: olympic.kz

Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ержет Жарылқасын күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Грек-рим күресінен 63 келіде белдескен отандасымыз финалда Әзербайжан балуаны Нихат Маммадлиге 6:1 есебімен жол берді.

Кездесудің алғашқы айналымында отандасымыз 1 ұпай иеленіп, алға шыққанымен, екінші айналымда басымдықты қарсыласына беріп қойды.

Ол іріктеу кезеңдерінде Польша балуанымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті (9:0). Ал ширек финалда Француз спортшысын 10:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты. Финалға шығар сында ұлттық құрама мүшесі тура 1 минут белдесіп, Ресей балуанына екі мәрте 4 ұпайлық әдісті сәтті жүзеге асырған болатын.

Наверх