АҚШ-тың Балтимор қаласында жаппай атыс болып, алты адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында бес жастағы қыз бала да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қала полициясы мәлімдеді.
Полиция дерегінше, атыс жергілікті уақытпен сағат 20:50 шамасында Сполдинг көшесі мен Куинсберри-авеню қиылысында басталған.
Бес жастағы қыздың қолына оқ тиіп, алдын ала мәлімет бойынша, жарақаты ауыр емес. Ал 38 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ 23 жастағы әйел мен 32, 33 және 52 жастағы үш ер адам да жарақат алған.
Қазіргі уақытта күдікті туралы ақпарат жоқ. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.