Көрмеге Ақтау қаласынан, Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарынан келген отандық өнімдері қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәдени іс-шара Достық үйінде өтіп жатыр. Мұнда облыстан 21-ге жуық кәсіпкер келді, оның ішінде ұлттық нақыштағы киім, көлөнер және тоқыма бұйымдары өндіретін 11 кәсіпкер қатысып жатыр.
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/2(49).jpg)
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/5(28).jpg)
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/9af4e968-9410-43cf-ab08-30d58cfef82d3(2).jpg)
Жиынның салтанатты ашылуында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрасыл Әбділов құттықтау сөзін сөйлеп, ақ батасын берді.
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/65.jpg)
Қасиетті Құран кәрімде жазылғандай, бізді Алла Тағала ру мен ұлыстарға бөлген. Сондықтанда біз қазақ болып жаратылғаннан кейін, қазақ болып дүниеден өтуіміз керек. Көріп отырғандарыңыздай, көп жерде ұмыт болған салт-дәстүрімізді көрінісін ұсынып отырмыз. Еліміздің бірлігі мен болашағы үшін біз ата-бабамыздан келген салт дәстүрімізді жалғастыратын болсақ, біз дара жолдан айырылмайтынымыз хақ. Астанадағы Маңғыстаудың мәдени күндері құтты болып, басымыз аман, еліміз тыныш болсын!-деді ол.
Жиында Маңғыстау облысының тумасы, әнші, Құрмет орденінің иегері Тамара Асар арнайы қатысып, өтіп жатқан іс-шара туралы тілек білдірді.
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/4%20%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%80.jpg)
Маңғыстау жұрты Сарыарқа төріне келіп жатыр, ұзағынан сүйіндірсін. Мені арнайы жиынға шақыртып, төркіндетіп келгендеріне ерекше күй кешіп тұрмын. Маңғыстау-киелі жер, бүкіл қазақтың ұртын майлы қылып, несібелі қылып отырған мұнайлы өлке. Арнайы оқытудың қажеті жоқ, Маңғыстауға барсаңыз, барлық салт-дәстүрдің мектебінен, әр сатысынан өтіп шығасыз. Міне, бүгін көріп отырғандарыңыз-соған дәләл,-деп ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар мәдени іс-шарада Маңғыстау облысы туризм саласының "Марс пейзаждары" көрмесі ұсынылған.
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/7(9).jpg)
![Балқаймақ, балық. Маңғыстау көрмесінен тағы не сатып алуға болады](/userfiles/images/9(6).jpg)
Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндерінің бағдарламасы жарияланған болатын.