Балқашта мектеп оқушылары "ЧВК Редан" мүшесі болу үшін тестілеуден өткен

23 Ақпан 2024, 16:16
843
Бөлісу:
Балқашта мектеп оқушылары "ЧВК Редан" мүшесі болу үшін тестілеуден өткен
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысының прокурорлары мектептерде келеңсіз интернет сайттарға еркін кіруге тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады.

Оқушылар барлық сайтқа қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы ақпарат ала алады. Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Балқаш қаласында балалар "ЧВК Редан" мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді. Бұзушылықтар облыстың барлық мектебінде анықталды, - делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы