Балқашта екі колледж көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге өтемақы төлемеген

3 Қыркүйек 2024, 17:52
340
Бөлісу:
Балқашта екі колледж көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге өтемақы төлемеген
Фото: pixabay.com/ru

Балқаш қаласының прокуратурасы көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге және басқа қалалардан келген студенттерге өтемақы төлеуде заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында Балқаш қаласының прокуратурасы екі колледж көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге қажетті өтемақы бермегенін анықтады. Заңға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын көпбалалы отбасынан шыққан студенттер, жан басына шаққандағы орташа табысы мемлекет белгілеген деңгейден аспаса, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге құқылы. Ыстық тамақ берілмеген жағдайда колледждер студенттерге Білім басқармасы белгілеген тамақ құны көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.

Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге жалпы сомасы 4,7 млн теңге өтемақы аударылды. Мемлекеттік критерийлерге сәйкес келетін барлық студенттерге тиісті төлемақылар бұдан әрі тұрақты негізде аударылатын болады. Сонымен қатар басқа жерлерде тұратын, алайда Балқаш қаласындағы колледждерде оқитын студенттердің қысқы және жазғы демалыс кезіндегі жол жүру ақылары өтелуі керек, - делінген хабарламада.

Тексеру барысында колледждердің басқа жерлерде тұратын студенттерге қысқы кезеңде қажетті өтемақы төлемегені анықталды. Прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша бір миллион теңгеден астам сома құрайтын төлем толығымен аударылды.

Өзгелердің жаңалығы