Балқаш қаласының жолы қашан жөнделетіні белгілі болды

15 Қараша 2023, 12:36
423
Бөлісу:
Балқаш қаласының жолы қашан жөнделетіні белгілі болды
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балқашта қала ішіндегі жолдың жағдайы нашар. Қалаға баратын үлкен жолдың атпай-ақ қояйық. Қала ішіндегі жол қашан жөнделеді? БАҚ өкілдері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа сұрақ қойды.

Ондай проблема бар. Қазір Балқаш қаласында су құбыры мен жылу құбыры жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең бірінші Балқаштағы шешетін су мен жылу мәселесі. Биыл да көп жұмыстар атқарылды. Сол жұмыстар аяқталған соң жолға кірісеміз. Қазір алдын-ала жол жөндеп, одан кейін қазу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Су құбыры біткеннен кейін артынан асфальт төсеп жатырмыз. Біздің жоспар бойынша 2-3 жылдың ішінде су мен жылу құбыры мәселесін шешуіміз керек,- деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы