«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді

«Balapan әлемі» республикалық балалар фестивалі өтеді
966

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «Balapan әлемі» атты Open Air фестиваль өткізеді.

Мерекелік шара 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде сағат 12:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл жағасындағы амфитеатрда өтеді. Концерттік бағдарламада ел аймақтарынан келген 800-ге жуық талантты бала және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында амфитеатр аумағында ұлттық спорт және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылып, асфальтқа сурет салу байқауы өтеді. «Balapan әлемі» кітап көрмесі мен астаналық мектепішілік қолөнер үйірмелері мен шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар шара аясында балалар көңілді аниматорлар мен цирк әртістерінің өнерін тамашалай алады.

Фестивальде Ақтау, Жезқазған, Қызылорда және Семей қалаларындағы балаларға арналған іс-шаралардан тікелей қосылым жасалады.

Мерекелік концертті елорда тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалай алады. Телеарна көрермендері үшін «Balapan әлемі» фестивалі «Balapan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы