Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы Балалар жылы аясында Астана қаласындағы бірқатар медицина мекемелері базасында баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері МӘМС жүйесінің жүзеге асырылуы, «Аңсаған сәби» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты.
Бүгінгі таңда Қор Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 118 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалған, оның 81-і – жекеменшік клиникалар, 37-сі мемлекеттікмедицина ұйымдары, олардың 6-уы – республикалық. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді.
Аймақтық бөлікте қарастырсақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілер үлесі – 68,7%.
Сатып алу жоспары бойынша 2022 жылы елордада медициналық көмек көрсетуге: ТМККК аясында - 114,7 млрд теңге, МӘМС жүйесінде - 106,8 млрд теңге бөлінген.
Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда, 2022 жылы елордада ота жасау көрсеткіші 3,6%-ға өскен. Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолданысы арқылы МӘМС бойынша 17,04 млрд теңге сомасына қосымша 6130 қызмет көрсетілді. Оның ішінде сала бойынша оталар: кардиология бойынша – 478 ота; кардиохирургиялық ота 1206 пациентке жасалса, нейрохирургиялық ота – 612 адамға, ортопедиялық ота – 172 пациентке; несеп-жыныс жүйесі аурулары –бойынша – 2039, ас қорыту аурулары бойынша – 429 пациентке ота жасалған.
Барлығы 303 438 пациентке ем жүргізілген, оның ішінде, бір жасқа дейінгі балалар – 15 719, 1-14 жастағы балалар – 48 000, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 6 233. Сондай-ақ 289 балаға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіп, стационарда емделді.
0-28 күндік 4800 нәрестеге 2 млрд 125 мың теңге сомасына медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 278 балаға 369 млн 336 мың теңге сомасына, оның ішінде 33 балаға 92 млн 598 мың теңге сомасына жоғары технологиялық медициналық көмек арқылы жүрекке ота жасалып, оңалтудың бірінші сатысынан өткен. 24 балаға арнайы медициналық көмек арқылы 44 млн 142 мың теңге сомасына ота жасалды.
Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Медициналық аппараттар саны, емдеу тәсілдері көбеюде. Себебі, балаларды емдеп, аяққа тұрғызып қана қоймай, қоғамға бейімдеу де маңызды. Оңалту орталықтары қажетті заманауи жабдықтармен, заманауи технологиялармен жабдықталған.
Қор елімізде оңалту қызметтерінің дамуына қолдау көрсетеді. Бала өмірі мен денсаулығынан қымбат ешнәрсе жоқ.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 50 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 25, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар.
МӘМС жүйесінде 2022 жылға 8 077,4 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде:
2 кезең-5 396 жағдайға 1 288,1 млрд теңге,
3 кезең-6 706,1 млрд теңге, оның ішінде:
- Тәулік бойы бақыланатын стационарларда 79 227 жағдайға 3 694,3 млрд. теңге (оның ішінде республикалық медициналық ұйымдарда 2 664,8 млрд. теңге сомасына церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 4 728 бала үшін)
- Күндізгі стационарларда 203 666 жағдайға 1 406,2 млрд теңге
- 1 605,5 млрд. теңге амбулаториялық деңгейде МСАК субъектілерінде 1 464 874 қызмет,
COVID-19 коронавирустық инфекциясы кезінде 2-3 кезеңді оңалту және амбулаториялық-емханалық көмекке – 83,2 млн теңге.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы – өңірдің 2 медициналық ұйымына жоғары технологиялық медициналық көмек лотында ЭКҰ-ға 1 773,8 млрд теңге жоспарланған.
2022 жылдың 9 айында нақты орындалғаны 1 441 жағдай (84%) 1 488,4 млрд.теңгені құрады.
Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Елордада 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды бір жарым есеге – өткен жылғы 17,3 млрд теңгеден осы жылы 25,6 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген.
МӘМС жүйесін енгізу медициналық көмекті қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы ТМККК және МӘМС пакеттерін қамтамасыз етуге 221,5 млрд-тан астам теңге бағытталды, оның ішінде МӘМС-ке – 106,8 млрд теңге. Барлығы 2,2 трлн теңге. Бұл ретте 2022 жылы медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржыландыруды өткен жылғы 17,3 млрд теңгеден осы жылы 25,6 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Қаржыландырудың өсуі – бір жарым есені құрады.
Пациенттердің консультациялық-диагностикалық қызметтерді алу кезіндегі өзекті мәселесі – бейінді мамандардың қабылдауын күту, диагностика мен талдауға жіберу ұзақтығы. Жоспарлы медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде көрсетілетініне және сәл кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтынына қарамастан, пациент консультациялық немесе диагностикалық қызметті 10 күннен артық күтпеуі тиіс. Бұл мониторинг ережелерімен бекітілген. Медициналық сақтандыру қорымен Медициналық қызметтерді көрсетуге шарт жасаса отырып, жеткізуші оларды толық көлемде ұсынуға міндеттеме алады және қолжетімділік пен сапа үшін жауапты болады, – деп атап өтті Қордың елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Бұл ретте, егер медициналық ұйымда тіркелген тұрғындарға өзі уақытылы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі болмаса, ол Қордың басқа жеткізушілерінің бірін бірлесіп орындаушы ретінде тартуға – пациентте сонда жіберуге міндетті.