Баланы тұмаудан қалай қорғауға болады? Дәрігер кеңесі

8 Қараша 2022, 15:38
7194
Бөлісу:
Баланы тұмаудан қалай қорғауға болады? Дәрігер кеңесі

Бүгінгі таңда қаламызда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осы аптада қатер тобындағы ЖРВИ жұқтырудың, атап айтқанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында 10 мыңнан астам жағдай тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзіңізді және балаңызды тұмаудан қорғаудың 5 ережесі туралы медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер Динагүл Баешова айтып берді.

ЖРВИ және тұмау дегеніміз не? Бұл – вирустық инфекциялар тобы, аурудың қоздырғыштары 300-ден асады, олар әртүрлі жолдармен таралады.

Қазір Астанада В тобының тұмауы таралуда, ауру бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауыр болып жатқанын көріп отырмыз. Вирустар иммунитет тапшылығы кездесетін қолайсыз преморбидті фоны бар балалар үшін ерекше қауіп төндіреді. Преморбидті фонға балаларда туғаннан пайда болатын ауруларды: орталық жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, өкпенің және басқа ағзалардың даму барысындағы ақауларды жатқызамыз, - деп атап өтті Динагүл Баешова.

Оның айтуынша, осы мезгілде ғимарат ішінде және далада маска тағып жүру өте маңызды. Сондай-ақ егер адамда ЖРВИ мен тұмау белгілері болса алақанға емес, шынтақ буынына түшкіріп, жөтелуі керек. Вирус тек ауа арқылы ғана емес, сонымен қатар тығыз байланыс арқылы да таралатынын есте ұстаған жөн. Алақаныңызға түшкірсеңіз, оны дереу жуып, қашықтық сақтаңыз.

Лас қолды мұрынға, ауыздың, көздің шырышты қабығына тигізбеңіз. Дәрігер осындай жөтел әдебі мен қарапайым тазалық ережелері жұқпалы аурулардың алдын алатынын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы