Баландин жүзуден Ресей чемпионатының финалында бақ сынайды

4 Сәуір 2021, 19:32
1939
Бөлісу:
Баландин жүзуден Ресей чемпионатының финалында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазан қаласында жүзуден Ресей чемпионаты жалғасуда. 

Бүгін, 4 сәуір күні қазақстандық Дмитрий Баландин сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz.  

Олимпиада чемпионы 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынайды. 

Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 21.33-те жарыс жолына шықпақ.  

Сондай-ақ кешкі бағдарламада сынға түсетіндер қатарында Әділбек Мусин де бар. 

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жүлдеге таласып көреді.  

Айта кетейік, биылғы Ресей чемпионаты FINA шешімімен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі қатарына енді.   

Өзгелердің жаңалығы