Баландин екінші мәрте қола жүлдегер атанды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы алғашқы кезеңі аяқталды.</h4>

 16 Қаңтар 2020, 10:56
16 Қаңтар 2020, 10:56
2368

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шеньчжэн қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) ұйымдастыруымен Champions Swim Series турнирінің екінші маусымдағы алғашқы кезеңі аяқталды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.  

Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды, - делінген хабарламада.

Ол аталған қашықтықты 2:13.58 уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен.  

Турнирде нидарландтық Арно Камминга жеңіске жетті (2:09.00). Күміс жүлдені германиялық Марко Кох иеленген. Әлемдік турнирдің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді. 

Наверх